Samstag, 3. Dezember 2011

Google-да Cауатты Іздеу & Қазақша Веб-Аудармашы


Бұл тақырыпқа жазуға бүгін мені фейсбуктегі досымның бір посты итермеледі. Ол былай деп гуглға мұңын білдіріпті. "I had opened a website in Kazakh language then google asked me to translate a page into English saying that the page was in Bulgarian". Шынымен де, қазір көптеген браузерлерде(әсіресе Chrome-да) гуглдың веб-аудармашысы жұмыс істейді. Қазақша сайттарға кіргенде гуглдың әлгі аудармашысы өз қызметін қолданушыларға ұсына қалады. Сондағы қазақ әріптері гуглға кейде орыс, кейде болгар әріптері сияқты танылып қалады. Алайда бұл сайттағы мәтін қазақ тілінде екенін көрсетпейді!


Бұны көрген сауатты интернет қолданушыға екі түрлі ой келуі мүмкін. Бір жағынан гуглдың ақымақтығына күлкің келеді. Гугл, әрине ақымақ емес. Ол қазақша мәтіндегі әріптерді өзіне таныс тілдермен сәйкестендіреді. Веб-аудармашының тізімінде болмағаннан кейін, қазақ тілін қолданыстағы кириллицада болсын, бейресми, жүйелендірілмеген латыншада болсын танымайды(суреттегі мысалдарға қараңыз). Екінші жағынан, ғаламтор қолданушысында себебі не деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауабын, менің жеке пікірім бойымша, төменде тізбелеп қойдым.

  • Гугл қазақ тілінде көп қолданылмайды. Бұл бір себеп болуы мүмкін. Бірақ екі-үш миллион халқы бар балтық елдерінің тілдері үшін веб-аудармашылар әлдеқашан шығарылып қойған. 
  • Гугл сияқты search engine-дерде қазақша ақпарат ізделінеді, Ол сөссіз. Бірақ ол қалай жүзеге асады? Мен байқаған көп қолданушылар, қазақша емін-еркін сөйлегенімен, гуглда іздеуге келгенде қазақ әліпбиін қолданбайды. Содан да олар қажетті нәтижеге жетпейді. Бұның салдарынан гуглдың статистикасында қазақ тіліндегі белсенділік аз боп шыға келеді. 
  • Ақыр-аяғында гуглдің аналитиктері мүшкіл статистикаға қарап, қазақша веб-аудармашысын жобалауға рационалдық негіздеме таппайды. 


Кінәнің бәрі неде? Ол біздің қазіргі қолданыста жүрген кириллицаға негізделген әліпбиімізді сауатты түрде қолданбауымыздан деген түйінге келдім. 



P.S. Компьютер пернетақтасындағы қазақша әріптердің жоқтығы және ыңғайсыздығы, әрине, тағы бар. Бірақ бұл басқа тақырып. Алдағы уақытта талқыға салынар.




Freitag, 2. Dezember 2011

Қазақстан Презентациясы - Power Point нұсқасында

Блог ашқалы бірнеше күннің жүзі толды. Оқырмандардың бар-жоғын білмеймін (статистикаға әлі қарамадым).  Бірақ әзірше парақшамды түрлі ақпаратпен толтыру қамындамын. 

Солардың бірі - университет қабырғасында жүргенде жасаған Қазақстан жайлы презентация. Негізі, презентация болғандықтан мәтіні суретке қарағанда азырақ. Себебі сөзін, яғни мазмұнын ұсынушының өзі жеткізуі қажет. Шетелде жүрген студенттерге пайдалы болып қалуы мүмкін. Керек десеңіз, pptx. нұсқасы бар. Презентацияны келесі сілтемеден көре аласыздар.


Германия: қысқаша шолу



Германия Федеративтік Республикасы немесе Bundesrepublik Deutschland Еуропаның қақ ортасында орналасқан және әлемге ашық, демократиялы, дәстүрге бай, заманауи мемлекеті. Германия әлемдегі экономикасы жағынан алпауыт мемлекеттер қатарына жатады. 82 миллион тұрғынымен Еуропа Одағының халық саны жағынан ең ірі елі болып табылады.

Географиясы 

Германияны айналдыра тоғыз көрші мемлекет орын тепкен. Ауданы болса 357 000 шаршы шақырым. Солтүстігінде Солтүстік және Балтық теңіздерінен оңтүстігінде Альп тауларына дейінгі аралықты алып жатыр. Еуропаның ең ірі өзендерінің жататын Рейн, Дунай, Эльба Германия арқылы ағып өтеді. 

Тарихы

жалғасы алдағы уақытта басылады...

Алғашқы қадамдар

Тәй-тәй...

Қарап отырсаң, қазіргі уақытта блог ұстайтын немесе оларды қызыға оқитын интернет қолданушылары көбейіп келе жатыр. Мен де бір күні отырып, неге блог ашпасқа деп ойладым. Бірақ бірден бастап кету оңайға түспеді. Не жазатыным туралы көпке дейін шешімге келе алмадым. Бірнеше ай бұрын уикипедияға сол уақытта өзім тұрған қала туралы жазғанмын. Бұл жолы білім алған мемлекетім жайлы бір-екі ауыз сөзбен бастауға бел будым. Соның нәтижесіне көз жүгіртсек. Әрине, бұл тек басы ғой, сондықтан жоғарыдағы мәтін көлемділігімен ерекшеленбейді.